Ел жаңалықтары

Желтоқсанда ауа райы қандай болады – синоптиктер болжамы

  • Желтоқсанда ауа райы қандай болады – синоптиктер болжамы

    Желтоқсанда ауа райы қандай болады – синоптиктер болжамы

Қазгидромет мамандары қыстың алғашқы айында ауа райы қандай болатынын айтты

Желтоқсан айында республиканың оңтүстігінде ауа температурасы норма шамасында, ал солтүстігі мен батысында нормадан 1° жоғары болады деп болжанып отыр.

"Жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде норма шамасында, оңтүстік-батысында нормадан аз, еліміздің шығысында және қиыр солтүстік-батысында нормадан көп болады", - дейді синоптиктер.

Айдың басында күн құбылмалы болады, Скандинавия аудандарынан келетін солтүстік-батыс циклон алдымен батыста, содан кейін елдің қалған аумағына ықпалын тигізеді.

Қар жауады, оңтүстік аймақтарда жаңбыр соңы қарға ұласады. Айдың ортасында елдің оңтүстік-шығысындағы таулы және тау бөктеріндегі аудандарда қатты жауын-шашын күтіледі. Сондай-ақ жел күшейіп, боран, тұман және көктайғақ болады.

Мамандардың айтуынша, желтоқсанның алғашқы күндерінде еліміздің басым бөлігінде күн жылы болады.

Солтүстікте ауа температурасы түнде -10-18°С-тан 0,-8°С-қа дейін, күндіз -3-8°С-тан -5+5°С-қа дейін жоғарылайды.

Республикамыздың оңтүстігінде түнде -2+8°С, күндіз +10+18°С болады.

Батыс өңірлерде, керісінше ауа температурасы түнде 0,-8°С, күндіз 0,+7°С-қа дейін төмендейді деп күтілуде.

Бірінші онкүндіктің ортасынан бастап Баренц теңізі аудандарынан солтүстік-батыс антициклонның кіруімен ауа температурасының төмендеуі болжанады:

  • батыста, солтүстік-батыста түнде -7-15°С-қа дейін, күндіз -5-11°С-қа дейін;
  • солтүстікте, орталықта, шығыста түнде -18-26°С-қа дейін, күндіз -10-18°С-қа дейін;
  • оңтүстік-батыста түнде 0,-5°С-қа дейін, күндіз +2+7°С-қа дейін.

Бірінші онкүндіктің соңында оңтүстікте, оңтүстік-шығыста түнде ауа температурасы -5-13°С-қа дейін, күндіз 0,-5°С-қа дейін төмендейді.

Бірінші онкүндіктің соңында және екінші онкүндіктің басында Жерорта теңізінен ығысатын жылы ауа массасының ықпалынан аяздың беті қайта бастайды.

"Республиканың солтүстік, шығыс және орталық аймақтарында желтоқсанның үшінші онкүндігінде түнде -27-35°С-қа дейін, күндіз -18-25°С-қа дейін қарқынды суық толқындарының қайтуы күтіледі. Қазақстанның батыс және оңтүстік өңірлерінде ауа температурасы түнде -5-15°С-тан 0,-5°С-қа дейін, күндіз 0,-10°С-тан 0,+5°С-қа дейін ауытқиды деп болжанады", - деп хабарлады синоптиктер.

Айдың ортасында оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтардың тұрғындарын жылы ауа райы қуантады. Күндіз ауа температурасы +10°С-қа дейін көтеріледі.

Айдың екінші және үшінші онкүндігінде елдің солтүстігі мен тау бөктерлерінде қарлы боран болып, жел күшейеді.

sputnik.kz




Көрілген: 734    Пікірлер: 0

бейсенбі, 02.12.2021, 08:51

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31