Ел жаңалықтары

«Жемеймін тамақ, семіріп кетемін»: жұлдыздар жаппай диета ұстауға кірісті (ВИДЕО)

  • «Жемеймін тамақ, семіріп кетемін»: жұлдыздар жаппай диета ұстауға кірісті (ВИДЕО)

    «Жемеймін тамақ, семіріп кетемін»: жұлдыздар жаппай диета ұстауға кірісті (ВИДЕО)

Отандық жұлдыздар да Наоми Кэмпбелл сынды мінсіз мүсінді болуды қалайды. Алайда, өнер өкілдері карантин кесірінен салмақ қосып, артық келіден арыла алмай жатқанын айтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы ntk.kz-ке сілтеме жасап.

Тіпті, «Rin’Go» тобының әншісі Әділжан Омаров бұл күндері қатаң диета ұстауға көшкен.

«Ринголық» Әділжан Умаров бұдан-былай тек дұрыс тамақтанбақ. Карантин бойы үйде жатып, артық салмақ қосып алған ол: «өнер иесіне сахнада мінсіз көріну маңызды», - деп отыр.

"Қазір мен шынымды айтам 6 кг артық салмақ қостым. Бірақ мен оған енді қатты мән бермеймін. Негізі мен білемін ол 6 кг өзімді жақсы ұстасам, бір 2 аптаның ішінде кетіп қалады", - дейді «Rin’Go» тобының әншісі Әділжан Омаров.

Әп-сәтте баяғы қалпыма келемін деп, Әділжанның сенімді сөйлеуі бекер емес. Омаров бұған дейін талай рет салмақ қосып, талай рет артық келісінен арылған көрінеді.

Мен бір қалыпқа тез келемін, менің органимзімім метаболизмге тез үйреніп қалған. Мен бірнеше рет осындай здоровое питания дейді, диета деген нәрселерге мен үйреніп қалғам", - дейді «Rin’Go» тобының әншісі Әділжан Омаров.

Әсел Асқар болса, өзі ғана емес күйеуін де диетаға отырғызған. Актриса мінсіз мүсінін сақтап қалу үшін зиянды тағамдардардан түбегейлі бас тартуға тура келді дейді.

Әсел Асқар, актриса:

"Қазір жолдасым екеуміз дұрыс тамақтанып жүрміз. Алкогольді, газдалған сусындардан, наннан және еттен өзімізге шектеу қойдық. Бәрін мөлшермен тұтынамыз. Бәрі әдемі болудың қамы ғой", - деді актриса Әсел Асқар.

Ал Гүлзира Айдарбекова тәбетің тартқан тағам болса, өзіңе шектеу қоюдың қажеті жоқ деген ұстанымда. Қайрат Нұртастың анасы витаминдер ішіп-ақ арықтап жүрген көрінеді.

"Мен еш уақытта диета ұстаған емеспін. Бірақ кейінгі кезде бір шөп дәрі ішіп жүрмін. Қарап отырсам 20 күнде 5 килограмм тастаппын. Негізі бүйтіп өзіме «Жемеймін тамақ. Семіріп кетемін», - деп шектеу еш уақытта қойған емеспін. Өйткені «парода» дейді ғой мысалы. Біздің үйде қатты толық адам жоқ. Өзімнің отбасымда", - дейді  продюсер Гүлзира Айдарбекова.

Айдарбекова ханымның айтуынша, сүйікті тағамыңнан бас тартпай-ақ, артық салмақтан арылудың әдістері жетерлік. Көпшілік алдында жүрген продюсер бастысы «өз-өзіңе деген сенімділік» дейді.

 

 

 




Көрілген: 731    Пікірлер: 0

жұма, 05.06.2020, 13:31

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31