Жеті облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

27 қазан 2020, 00:13

Елімізде жеті облыс аумағында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.

 

27 қазанда күндіз және таңертең Жамбыл облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыс, батыстан жел соғады. Жылдамдығы 23-28 м/с жетеді, облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с асып кетуі ықтимал.

 

27 қазанда тәулік бойы, 28 қазанда түнде Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын түседі, кей жерлерде қатты жаңбыр жауып арты қарға ұласады. 27-28 қазанда тәулік бойы кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, 15-20, екпіні 23-28 м/с жетуі ықтимал.

 

27-28 қазанда Петропавлда көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады күші 15-20 м/с, 27 қазанда күндіз, 28 қазанда түнде екпіні 23-28 м/с жетеді.

 

27 қазанда Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде кей жерлерде күші 15-20, күндіз күші 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с жетеді.

 

27 қазанда Қарағанды қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

 

27 қазанда Жезқазған қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

 

27 қазанда Ақтөбе облысында кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады 15-20, күндіз екпіні 23 м/с жетеді.

 

Ақтөбе қаласында 27 қазанда көктайғақ, солтүстік-батыстан жел соғады, желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

 

27 қазанда Қызылорда облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді, күндіз екпіні 23 м/с болады.

 

Қызылорда қаласында 27 қазанда солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.

 

27 қазанда Ақмола облысында жауын-шашын, кей жерлерде жаңбыр, қалың қар жауады. Тұман, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді.

 

Көкшетау қаласында 27 қазанда кей кездері тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с жетеді.

 

27 қазанда түнде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде күші кей жерлерде 15-20, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді.

 

Ертең Өскеменде оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

 

Семейде 27 қазанда оңтүстік- шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

 

 

24.kz