Ел жаңалықтары

Жеті облыста боранға байланысты ескерту жарияланды

  • © kisssudbury.com

    © kisssudbury.com

15 қаңтарда Қазақстанның жеті облысында қолайсыз ауа-райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz.

 

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің секундына екпіні кей жерлерде 15-20 метрді құрайды.

 

Қызылорда облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан қатты боран тұрып, күндіз борынның екпіні - 23 м / с болады деп күтіледі.

 

Қостанай облысында кей жерлерде қар бұрқасындатып, тұман түседі деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан боран екпіні - 15-20 м / с.

 

Батыс Қазақстан облысында тұман түсіп, көктайғақ болып, кей жерлерде қар бұрқасындатады деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан боранның күші - 15-20 м / құрайды. Оралда тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады деп күтіледі.

 

Атырау облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болып, қар бұрқасындатады, оңтүстік-шығыстан, шығыстан соққан жел екпіні 15-20 м / с құрайды. Түнде Атырауда оңтүстік-шығыстан соққан жел күшейеді түседі деп болжанады.

 

Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түседі деп күтіледі, 16-17 қаңтарда көктайғақ болады. 15-17 қаңтарда кей жерлерде солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м / с құрайды. 15 қаңтарда - күндіз, 16 қаңтарда да қатты боран тұрады: 23-28 м / с.

 

Таразда 15-17 қаңтар аралығында тұман түседі, ал 16-17 қаңтарда көктайғақ болады деп күтіледі. Дауылдың болу ықтималдығы 90-95% құрайды.

 

15-16 қаңтарда Қарағанды ​​облысында  тұман түседі деп күтіледі. Шығыс, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20, кей жерлерде 23 м / с құрайды.

 

 




Көрілген: 290    Пікірлер: 0

бейсенбі, 14.01.2021, 21:00

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31