Ел жаңалықтары

Жетіншісіне жүкті болған: Жамбыл облысында алты баланың анасы ауруханада көз жұмды

  • Жетіншісіне жүкті болған: Жамбыл облысында алты баланың анасы ауруханада көз жұмды

    Жетіншісіне жүкті болған: Жамбыл облысында алты баланың анасы ауруханада көз жұмды



Жамбыл облысында алты баланың анасы ауруханада қайтыс болды. Кардиохирургиялық клиникада көз жұмған Наргизаның жақындары бәріне адам денсаулығына немқұрайлы қараған дәрігерлер кінәлі деп отыр. Айтуларынша, ақ халаттылар қан қысымы 180-ге көтерілген аяғы ауыр келіншекке тиісті ем берудің орнына, жұқпалы аурулар ауруханасына апарып жатқызған. Онда жарымның жағдайы нашарлап кеткен соң, басқа ауруханаға тасымалдады, дейді марқұмның күйеуі. Сөзінше, соның кесірінен келіншегі көз жұмыпты.


Жетіншісіне жүкті болған: Жамбыл облысында алты баланың анасы ауруханада көз жұмды


Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды. 


«Алты бала тапты. Жетіншісіне жүкті еді. Жүрегі ауыратыны туралы бір де бір рет шағымданған емес», - дейді марқұмның анасы.


Марқұмның анасы Күлтай Сәпиеваның айтуынша, 6 баласын қанаттыға қақтырмай тәрбиелеп отырған қызы Наргиза басының шыдатпай ауырып тұрғанын айтып шағымданыпты. Содан жедел жәрдем шақыртып, ауруханаға жөнелткен. Алғашында дәрігерлер оның қан қысымы қатты көтеріліп кеткенін айтқан. Ал түнде науқасты жансақтау бөліміне жатқызып, ертеңгілік жағдайын білуге келгенде «түс кезінде палатаға ауыстырамыз» деп сендерген. Алайда аяқ астынан абыр-сабыр басталып кетті, дейді туыстары.


«Одан кейін небір дәрігерлер кірді. Ең соңында кардиолог келді. Сол кісіден сұрап едім, ештеңе түсіндіре алмайтынын айтты», - дейді марқұмның әпкесі Аралкүл Қоңырбаева.


Марқұмның жақындары ақыры ақ халаттылар науқасты облыстық жұқпалы аурулар ауруханасынан кардиохирургиялық клиникаға апарғанын айтады. Алайда ондағы дәрігерлер де жарымды өлімнен арашалап қала алмады, дейді марқұмның күйеуі.


«Дәрігерлердің кінәсі деп ойлаймын. Себебі олар неліктен аяғы ауыр әйелді жұқпалы аурулар ауруханасына алып барды? Неге патологияға алып бармады?» - дейді марқұмның күйеуі Болат Ғазимбетов.


Дәрігерлер 34 жастағы Наргизаның ауруханаға тұмаудың асқынған түрімен жеткізілгенін айтты. Сөздерінше, науқастың қызуы 40-қа дейін жетіп, денесі қалтыраған. Ал келесі күні жағдайы мүлдем ауырлап кетіпті.


«Дене қызуы көтеріліп, әлсіреп қалған. Осы шағыммен жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген. Ол кезде жүрегі ауырмаған. Жүрегі ертесі күні ғана ауырды», - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жібек Исаева. 


Болат жұбайы Нагризамен 12 жыл бұрын отау құрған. Қазір олардың 6 қызы бар. Қапияда қосағынан айырылып қалған ер адам полцияға арызданатынын айтып отыр. Айтуынша, енді жарының өліміне жазықтылар табылып, жазаға тартылмайынша күресе бермек. 


 



 

 




Көрілген: 498    Пікірлер: 0

сенбі, 19.10.2019, 17:18

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31