Жетісайда құжатсыз көлік басқарған жасөспірімдер ұсталды

26 мамыр 2022, 15:17

Жетісай ауданында құжатсыз автокөлік басқарған 3 жасөспірім анықталды. Олардың ата-аналарына ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 2-бөлігімен «Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы» бойынша хаттама толтырылды, деп хабарлады ОТЫРАР.  

 
Бұл туралы 25 мамыр күні рейдтік жұмыс жүргізген Түркістан облыстық полиция департаменті хабарлады. Айтуларынша,  жасөспірімдер басқарған екі көлік ресей нөмірімен екен.

«Бұдан басқа мемлекеттік тіркеу нөмірсіз көлік басқарған 2 жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 1-бөлігімен «Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу» жауапқа тартты. Қазіргі таңда 4 автокөлік айыптұраққа қойылды. Айта кетсек түркістандық полицейлер жол ережесін өрескел бұзғандар мен тәртіпсіздік жасағандарды назардан тыс қалдырмайды», - деді Түркістан облыстық ПД баспасөз хатшысы Гүлнар Абдужаппарова.