Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Жетісайлық полицейлер мереке қарсаңында мектеп-интернатының балаларын қуантты

02 маусым 2023, 12:51

«Балаларды қорғау күні» қарсаңында Жетісай аудандық полиция бөлімінің бастығы Әділбек Сапарбеков бастаған полиция қызметкерлері «Жетісай қосалқы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне барды. Мұндағы негізгі мақсат – балаларды құттықтап, мерекелік көңіл-күй сыйлау.
Іс-шара барысында тәртіп сақшылары балаларға өздерінің арнайы алып келген сый-сияпатын табыстады. Яғни қайырымдылық жасауды дәстүрге айналдырған ел қорғандары, мейірімділік пен қамқорлыққа бастайтын шараға бір ауыздан келісіп, әрбір балаға оқуға қажетті канцелярлық тауарлар мен ойыншықтар дайындап, тарту етті.
Өз кезегінде 180 бала тәлім-тәрбие алып жатқан білім ордасының басшысы Фариза Тулебаева ұжым атынан, полицейлердің мерекелік тартуына, қолдауына ризашылықтарын жеткізіп, өз алғысын білдірді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі