Жетісайлық полицейлер "Отбасы күнінде" игі іс жасады

17 мамыр 2023, 10:40

Бүгінгі мереке қарсаңында, Жетісай аудандық полиция бөлімінің тәртіп сақшылары қызмет бабында қайтыс болған полиция майоры Ғабит Айтымбетовтың отбасына арнайы барды. Кездесуде Түркістан облысы ПД бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденовтің құттықтауын жеткізіп, бағалы сыйлығын табыстады. Жұлдызы ерте сөнген қызметтесінің ерлігін еске алды.

Сонымен қатар Жетісай қаласындағы жалғызбасты әже мен оның 2-сынып оқитын немересінің жағдайын сұрап қайтты. Аталмыш ақжаулықты анамызға азық-түлік апарып берді.

Мереке кезінде өздерін елеп-ескеріп, сыйлық тарту етіп, құттықтаған полицейлерге Ғ.Айтымбетовтың отбасы пен әжей алғысын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі