Жетісу облысында трактор жүк пойызымен соқтығысып, бір адам көз жұмды

23 қаңтар 2023, 22:09

Жетісу облысында трактор жүк пойызымен соқтығысып, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 
Polisia.kz-тің мәліметінше, оқиға Қаратал ауданы, Қанабек ауылындағы темір жол өткелінде болды. Оқиға салдарынан зардап шеккен екі адам аудандық ауруханаға жеткізілді. Олардың бірі 41 жастағы ер адам ауруханада көз жұмды. Ал екінші жарақат алған 18 жастағы жасөспірім медициналық тексеруден өтіп жатыр. Екеуі де трактордың ішінде болған.

Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмысын жалғастырып жатыр. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабында көзделген сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.