Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Жетісудің жауһары

29 шілде 2022, 15:38

Анаға құрмет музейі мен Батыр бабалар мемориалының қызметкерлері  «Балалар жылына» орай М. Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану музейінің «Жетісу жауһарлары» атты жобасы аясында Қарасай ауданындағы әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасының балалары облыс орталығындағы музейлерге саяхаттап қайтты.  

Туристік саяхатты мақсаты: 50-ден аса оқушыны Алматы облысы мен Жетісу облысының орталығы Талдықорған бағытындағы көрікті жерлерін аралау және жол бойындағы елді-мекендер мен жер-су атауларының шығу тарихын, флорасы мен фаунасымен таныстыру болды.  

Жөл-жөнекей музей қызметкерлері Алматы облысының орталығы Қонаев қаласы туралы, ауылдардың атауы қалай қойылғаны, Кербұлақ ауданындағы ел аузында «Шыңғысханның шатыры» атанған биік шоқыны көрсетіп, жеткіншектерге туған жердің табиғаты мен тарихын таныстырып отырды.

Жетісудың табиғатын көздерімен көрген оқушылар М. Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану музейінен Жетісудың кереметін сезінсе, Ілияс Жансүгіровтің әдеби музейінде ақынның өмір-баянымен танысып «Құлагер» поэмасын талдады. Қайтар жолда оқушылар Қонаев қаласындағы «Ретро-автомобильдердің» көрмесіне кіріп есте қаларлықтай әсерде қайтты.  

Ж. Жанапиянова, Анаға құрмет музейінің қызметкері