Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Жезқазғанда төтенше жағдай жарияланады

10 ақпан 2021, 16:46

Әкімдік әзірлеген құжат "Ашық НҚА" сайтында жарияланды. Төтенше жағдайды жоюға Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары Қайрат Бапанов жауапты
Жезқазғанда апатты жағдайда тұрған үйлердің көп болуына байланысты жергілікті ауқымда техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, қалада апатты жағдайда 24 үй тұр. Олар адам өліміне әкеп соғуы мүмкін.

Апатты жағдайда тұрған үй тізімінде Жезқазған қаласының Абай көшесіндегі №53, 55, 57, 59, 63, 69 көппәтерлі үйлер, Байқоңыров көшесіндегі  №22, 26, 28, 30, 32, 34, 36, 42, 44, 48, 50 көппәтерлі үйлер, Омаров көшесі, №30 көппәтерлі үй, Некрасов көшесі, №13 көппәтерлі үй, Бейбітшілік көшесі, №3 көппәтерлі үй, Алаша хан көшесі, №24 (4-кіреберіс) көппәтерлі үй, Жеңіс көшесі, №11 көппәтерлі үй, Шевченко көшесі, 23 (1-ші кіреберіс) көппәтерлі үй, Железнодорожная көшесі, №19 көппәтерлі үй бар.

Әкімдік әзірлеген құжат "Ашық НҚА" сайтында жарияланды. Төтенше жағдайды жоюға Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары Қайрат Бапанов жауапты.

Айта кетейік, бұл бағыт бойынша жұмыстар өңірде 2020 жылы басталды. 2025 жылға дейін барлығы шешіледі деп жоспарланып отыр.