Ел жаңалықтары

"Жоқ жерден хайп шығарып отыр": Шөкеев "Керуен Сарайдың" құрылысы туралы жазған блогердің өзін сынға алды

  • "Жоқ жерден хайп шығарып отыр": Шөкеев "Керуен Сарайдың" құрылысы туралы жазған блогердің өзін сынға алды

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев "Кереуен Сарай" кешенінің құрылысы туралы жазған блогердің өзін сынап тастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Кей кездері осы блогерлердің жазатындарына қатты таңғаламын. Олар кішкентай бала секілді, мәселенің байыбына бармай жатыр елді сынауға шебер. Десек те бұнымен олар өздерінің білімінің таяз екенін көрсетеді. Мен осы жерге күн сайын келетінмін. Кешен темір-бетоннан, арматурадан салынған. Мұнда жер сілкінісі қауіпі төмен болғанына қарамастан, құрылыс материалдары жеткілікті мөлшерде пайдаланылды. Қабырғаларды жабдықтауға әртүрлі материалдар қолданылады. Блогердің пенопластты көріп, бүкіл кешен осыдан тұрғызылған деуі - оның құрылыс саласынан хабар жоқ екенін көрсетеді", - дейді аймақ әкімі. 

 
Әкім кешен құрылысының сапасыздығы туралы жазған блогердің өзін сынға алды.  

"Қазір әлемде барлық зат пластмассадан жасалады. Мына сіздер отырған орындық, қолданып жүрген телефондарыңыз, қалам, микрофон барлығы да пластмасса. Жоқ жерден "хайп" шығарып отыр", - деді Шөкеев.

Еске салсақ, бұған дейін блогер Түркістан қаласында 84 миллион теңгеге салынған кешеннің құрлысын сынға алған еді. Оның айтуынша, жобаның қабырғалары пенопласттан жасалған. 




Көрілген: 764    Пікірлер: 0

жексенбі, 20.06.2021, 13:30

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31