"Жол белгілеріндегі Нұр-Сұлтан атауы Астана деп өзгертілген": Қарағандыда түсірілген суретті қызу талқылауда

16 қаңтар 2022, 18:34

Қазақстандықтар әлеуметтік желіде таралған суретті қызу талқылауда. Суретте Нұр-Сұлтан қаласының атауы жол белгісінде Астана деп көрсетілген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

“Қарағандыдағы жол белгісінде Нұр-Сұлтан қаласының атауын өзгертіп тастаған. Сурет бүгін түсірілген”, – деп жазды журналист Михаил Козачков.

 

Алайда қала әкімдігі ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін атап өтті.

 

“Әлеуметтік желілерде қаладағы жол белгілері елорданың ескі атауына ауыстырылғаны туралы ақпарат тарап жатыр. Ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл жол белгісі Қарағанды ​​қаласының "7 шоссе" тас жолында орналасқан. Бұл жол белгісінде қала атауы өзгертілмеген, сондықтан онда ескі атауы көрсетілгенін хабарлаймыз. Күрделі жөндеу аясында биылғы жылы жол белгісі ауыстырылады. Жалпы, 2019-2021 жылдар аралығында транзиттік тасымалдау бағытын көрсететін 120 белгі ауыстырылды”, – деді Қарағанды қаласының әкімдігінің өкілдері.

 

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстандықтар елорданы қайтадан Астана деп атау туралы петиция құрғаны айтылған еді.