Жол көрінбейді: Маңғыстауды шаңды дауыл басты (видео)

15 желтоқсан 2021, 18:16

Маңғыстау облысында шаңды дауыл көтерілді. Көлік жүргізушілері бөліскен видеоларда дауыл салдарынан жол көрінбейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі LADA порталына сілтеме жасап. 

Жүргізушілердің айтуынша, Ақтаудан тыс жерлерде жол нашар көрінеді, деп хабарлайды LADA жергілікті порталы. Атап айтқанда, Жетібайға барар жолда шаңды дауыл салдарынан қозғалыс қиындады. Жетібай-Шетпе автожолында да осындай жағдай.