Жүк пойызының үстіне шыққан: Қарағанды облысында тоқ соққан жасөспірімнің жағдайы ауыр

10 мамыр 2023, 23:23

Оқиға 7 мамырда болған. «Қазақстан теміржолы» ҰҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, кешкі сағат 19:00 шамасында 15 жастағы жасөспірімді тоқ соққан.

 
«Жасөспірім астық таситын жүк пойызының үстіне шыққан. Салдарын байланыс жүйесінің электр тоғы соғып, термиялық күйік алды. Ата-аналардан балалардың қауіпсіздігі үшін әсіресе теміржол бойындағы ережелерді қатаң сақтауды сұраймыз», - дейді теміржол мамандары.
Дәрігерлердің айтуынша, баланың жағдайын өте ауыр.

«Денесінің жоғары бөлігінің 60%-і күйген. Қазіргі күні жансақтау бөлімінде жатыр», - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.