Ел жаңалықтары

Жұмекен Нәжімеденовтің ескерткіш-бюсті ашылды

  • Жұмекен Нәжімеденовтің ескерткіш-бюсті ашылды

    Жұмекен Нәжімеденовтің ескерткіш-бюсті ашылды

Атырау облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшы Ақылбек Рысқалиевтің айтуынша, Жұмекен Нәжімеденов қазақ жастарының рухын көтерген ерен тұлға.

 

Кеңестік үкімет 1956 жылы ұлан байтақ қазақ жерінің солтүстік аймағындағы Ақмола, Петропавл, Павлодар, Қостанай, Қарағанды облыстарын Қазақ республикасы құрамынан бөлуге әрекеттенді. Осы кезде Шәмші Қалдаяқов пен Жұмекен Нәжімеденов қазақ жастарының ойы мен бойын кернеген «туған жерді талауға бермейміз» деген өр рухын сөз бен сазға сыйғыза білген еді - деп атап өтті ол.

 

Ескерткіш-бюсттің салтанатты ашылу рәсіміне елімізге белгілі тұлғалар &ndash Ғарифолла Есім, Әйкен Жұмекенқызы, Марат Азбанбаев пен Сәрсенбай Еңсегенов арнайы қатысты.

Айта кету керек, ескерткіш-бюстті ашу бастамасы Мемлекет және қоғам қайраткері Сәрсенбай Еңсегеновтің қолдауымен жүзеге асты. Туындының авторы &ndash белгілі мүсінші Серік Мәтениязов.

Қазіргі уақытта орта мектепте Жұмекен Нәжімеденовке арналған мұражай жұмыс істеп жатыр. Мұнда ақынның өзі пайдаланған дүниелері, қолжазбалары мен 7 томдық шығармалар жинағы қойылған. Мектептің педагог-ұйымдастырушысы Вера Миденованың айтуынша, мұражай өткен жылы  жасақталған.

Ескерткіш бюсттің ашылу салтанаты ақынның 85 жылдық датасына орай, «Ж. Нәжімеденов және қазақ поэзиясының көркемдік даму бағыттары» атты халықаралық ғылыми-теориялық онлайн конференцияға ұласты. Конференцияның пленарлық мәжілісінде Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің құттықтау лебізі оқылды. 

Онлайн конференцияда «Жұлдызды Жұмекен» кітабының авторы Ғарифолла Есім, Мемлекеттік сыйлық иегері Ақұштап Бақтыгереева, Қазақстан мен Қырғызстанның еңбек сіңірген қайраткері Илья Жақанов, жазушы Мереке Құлкенов, ақын Есенғали Раушанов, филология ғылымдарының докторы, профессор Қадыр Жүсіп және Қытай, Түркия, Әзербайжан елдерінен белгілі профессорлар баяндама жасады.

BAQ.KZ




Көрілген: 751    Пікірлер: 0

сенбі, 28.11.2020, 00:57

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31