Ел жаңалықтары

Жұмыс іздеуге шыққан: Қызылордада ер адам жоғалып кетті

  • Жұмыс іздеуге шыққан: Қызылордада ер адам жоғалып кетті

    Жұмыс іздеуге шыққан: Қызылордада ер адам жоғалып кетті

Ер адам таңертең үйінен шығып, белгісіз бағытта жоғалып кеткен. Туысқандары ер адамды жиырма күннен бері іздеп жатыр
Қызылордада 55 жастағы жергілікті тұрғын Тұяқбай Бектұрғанов жоғалып кетті. Туысқандары 23 наурыздан бері еш хабар ала алмай отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Сол күні таңғы жетілер шамасында Тұяқбай Бектұрғанов жұмыс іздеу үшін үйінен шығып, белгісіз бағытта жоғалып кетті. Осыған байланысты туыстарының өтінішімен іздеу жарияланды", - деп мәлімдеді Қызылорда облысының полиция департаментіндегілер.

Полицейлер жоғалған адамды көргендер болса, 102 нөміріне хабарласуды сұрады.

"Бектұрғановтың белгілері: бойы 160-165 сантиметр, арықша келген, шашы қысқа, ақшыл сары, көзі қоңыр, ішінде операциядан қалған тыртық бар. Үйден шыққан күні үстінде қара бас киім, қою көк түсті куртка, жағасы бар қоңыр свитер, қара джинс шалбар, аяғында қара кроссовка болған", - деді олар.


© PHOTO : ДП КЫЗЫЛОРДИНСКОЙ ОБЛАСТИ
Тұяқбай Бектұрғанов


Тұяқбай Бектұрғанов Қызылорда аумағынан тыс бір жерде жұмыс істеп жүрген болуы мүмкін.

Өйткені жуырда екі жыл бұрын дәл осылай хабар-ошарсыз кеткен басқа қызылордалық табылды.

"Ол ер адам Түркістанда вокзал маңынан табылды. Полицияға Қармақшы ауданының 48 жастағы тұрғынының жоғалғаны туралы 2018 жылы қазанда үлкен ағасы хабарлаған еді. Анықталғандай, әлгі адам осы уақыт бойы Алматы облысындағы фермада мал баққан", - деді полиция департаментінің қызметкерлері.
 
 




Көрілген: 430    Пікірлер: 0

сейсенбі, 13.04.2021, 15:00

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31