Ел жаңалықтары

Жұмысқа тұру үшін енді сәуірден бастап 086 анықтамасының қағаз үлгісі талап етілмейді

  • Жұмысқа тұру үшін енді сәуірден бастап 086 анықтамасының қағаз үлгісі талап етілмейді

    Жұмысқа тұру үшін енді сәуірден бастап 086 анықтамасының қағаз үлгісі талап етілмейді

Енді елімізде жұмысқа орналасатын жандардан 086 анықтамасының қағаз үлгісі талап етілмейді. Себебі сәуір айынан бастап медициналық қызмет электрондық форматқа ауыстырылады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.

Жаңа өзгеріске сай әрбір қазақстандық азамат міндетті түрде жыл сайын медициналық-профилактикалық тексеруден өтуі шарт. Ол жылына бір рет және тегін болады.

Ал соның негізінде азаматтардың денсаулығы туралы мәлімет электронды үлгіде жасалады.

Егер кез келген мемлекеттік органға жұмысқа орналасу немесе көлік жүргізу куәлігін алу керек болса, деректер базасындағы 086 анықтамасы азамат рұқсатымен автоматты түрде ашылады.

"Жылдың аяғында 086/у анықтамасын толығымен жоюды жоспарлап жатырмыз. Сол бойынша басқа да органдармен құжаттарды мақұлдап, қазір қол қойылды. Егер автоматты жүйеге рұқсат берсе, "осы кісі сәуір айында соңғы рет медициналық тексеруден өтті" деп мәлімет келіп түседі. Сізге емханаға немесе ауруханаға барудың қажеті толығымен алынып тасталады", - дейді Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев.




Көрілген: 582    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 06.01.2020, 23:05

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29