Ел жаңалықтары

"Жұмысты тастап кетуге болмайды": Қызметіне адал арыстық банк күзетшісі марапатталады

  • "Жұмысты тастап кетуге болмайды": Қызметіне адал арыстық банк күзетшісі марапатталады



Арыс қаласындағы жарылыс кезінде жұмыс орнында болған "Халық банк" күзетшісінің еңбегі еленбей қалмайды. Банк тарапынан сыйақы берілетін болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 


Арыс қаласында болған жағдай бүкіл елді есеңгіретіп тастады. Таң атпастан снарядтардың жарылған даусынан шошынған халық аяқ киім киюге шамасы келместен жанұшыра, бассауғалап қаша жөнелген. Бірақ банк күзетшісі Пернехан Бекмырза қауіп төніп тұрғанын білсе де жұмыс орнын тастап кетпеген. 


Басшылар рұқсат бермей, жұмыс орнын тастап кете алмайтынын айтқан күзетшінің жұмысына деген адалдығы көпшілікті сүйсіндірді.


Stan.kz тілшісі "Халық банктың" баспасөз қызметіне хабарласып, Пернехан мырзаның ерен еңбегі елене ме деген сауал қойды. Банк басшылығы бұл ерлікті елеусіз қалдырмауға уәде берді. 


"Пернехан Бекмырзамен қатар 9 инкассатор банк тарапынан ақшалай сыйақымен марапатталады. Бірақ сыйақы көлемін айта алмаймыз. Олар сол бөлімшені және барлық банкоматтарды тонап кетудің алдын алған. Өмірлеріне қауіп төнсе де, халық ақшасын сақтап қалған ерлерімізге алғыс білдіреміз және еңбектерін бағалаймыз", - дейді "Халық банктың" маркетинг және пиар департаментінің директор орынбасары Сағынбек Шункеев. 


Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін хабарлағанымыздай, Арыстағы жарылыстан кейін "Халық банк" бөлімшесінің күзетшісі жұмыс орнын тастауға бас тартқан.


Журналистерге берген сұхбатында ол: "Өмірімізді қайтеміз енді, амал жоқ. Халықтың ақшасы бар. Оны қараусыз тастап кетуге болмайды", - деген еді. 


 



 

 




Көрілген: 1137    Пікірлер: 0

бейсенбі, 27.06.2019, 15:45

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31