Ел жаңалықтары

Жүргізуші куәлігін алушыларға жаңа талап қойылады

  • Жүргізуші куәлігін алушыларға жаңа талап қойылады

    Жүргізуші куәлігін алушыларға жаңа талап қойылады

 Мәжілісте заң жобасын таныстырған ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов көлік жүргізу куәлігін алатын азаматтар үшін алғашқы көмек көрсету курсынан өтуді міндеттейтіні жөнінде айтып өтті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.


 "Көлік жүргізу куәлігін алу үшін алғашқы медициналық көмек курсынан өтіп, сертификат алуы қажет. Жүргізуші куәлігі тек содан кейін беріледі. Себебі, статистикаға көз жүгіртсек, жол апаты болған кезде, азаматтарымыздың 60 процентке жуығы алғашқы медициналық көмекке мұқтаж болады. Алайда, өкінішке қарай, қазір зардап шеккендерге жәрдем бере алатындар 3-5 проценттен аспайды", - деп түсіндірді Біртанов. Бұл жаңашылдық "Халық денсаулығы" туралы кодекстің жаңа редакциясында жазылған. Біртановтың сөзінше, стандартты курстар барлық өңірде жедел жәрдем стансалары, санитарлық авиация орталықтары және медициналық оқу орындары базасында ұйымдастырылған. Яғни, медициналық көмек дағдыларын меңгеріп, сертификат алуға болады.

Qamshy.kz





Көрілген: 1287    Пікірлер: 0

бейсенбі, 17.10.2019, 18:09

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қазан, 23:01
    Бұл ту – фейк!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30