Ел жаңалықтары

Жүргізуші куәлігінсіз көлік айдағандарға салынатын айыппұл 5 есе артады

  • Жүргізуші куәлігінсіз көлік айдағандарға салынатын айыппұл 5 есе артады

    Жүргізуші куәлігінсіз көлік айдағандарға салынатын айыппұл 5 есе артады

Депутаттардың ұсынысымен жол жүру саласындағы жекелеген заң бұзушылықтар үшін айыппұл санкциялары ұлғайтылды


Қазақстанда жүргізуші куәлігінен айырылғандарға көлік айдағаны үшін салынатын айыппұлды 5 есеге арттыру жоспарланып отыр. Мәжіліс депутаттары тиісті заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


Мәжілістің жалпы отырысында "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы екінші оқылымда қаралды.


Депутаттардың ұсынысымен жол жүру саласындағы жекелеген заң бұзушылықтар үшін айыппұл санкциялары ұлғайтылды.


"Жүргізуші құқығынан айырылған адамға көлік жүргізгені үшін 50 АЕК (126 250 теңге) айыппұл салынады. Қазір мұндай айыппұл 10 АЕК-ті (25 250 теңге) құрап отыр", - деді төменгі палатаның заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Қанат Мусин.


Ал дәл осы тәртіп бұзушылықты қайталап жасағаны үшін айыппұл мөлшері 20-дан 70 АЕК-ке дейін (50 500 теңгеден 176 750 теңгеге дейін) ұлғайтылмақ.


"Бұл түзету қазақстандықтардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қабылданған", - деп түсіндірді депутат.


Сонымен қатар, депутаттар тарапынан жекелеген құқық бұзушылықтар қысқартылып, кодекстен алынып тасталды. Өйткені мұндай даулар сотта азаматтық талап қою тәртібімен азаматтарды әкімшілік жауаптылыққа тартпай шешілуі мүмкін.


"Бірқатар заң бұзушылық бойынша айыппұл санкцияларының мөлшері төмендетілді. Бұдан бөлек, қолданыстағы әкімшілік жазалар әлдеқайда жеңіл жазаларға ауыстырылды", - деді Мусин.


Мәжіліс депутаттары заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады.


Бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көлікті ішімдік ішіп алып жүргізетіндерге қатысты жазаны қатаңдатуды тапсырған болатын.


Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев жазаны қатаңдату мәселесінде Қазақстан Ресей мен Беларусьтің тәжірибесіне арқа сүйейтінін айтқан еді. Оған сәйкес, бірнеше заң бұзушылық жасаған жүргізуші көлігінен айырылуы мүмкін.




Көрілген: 162    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 06.11.2019, 15:56

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қазан, 23:01
    Бұл ту – фейк!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30