Ел жаңалықтары

Журналистердің кәсіподағы құрылды

  • Журналистердің кәсіподағы құрылды

    Журналистердің кәсіподағы құрылды

Сондықтан, журналистердің құқықтық, әлеуметтік мәртебесін көтеруге барынша күш салуымыз керек. Бұл мәселемен жүйелі түрде айналысатын бізге БАҚ қызметкерлерінің одағын құру қажеттілігі туып отыр.
Қазақстанда Бұқаралық ақпарат құралдары мен телерадио хабарларын тарату қызметкерлерінің «BAQ KASIPODAQ» салалық кәсіподағы» құрылды, деп хабарлайлы Aikyn.kz.

Бұл туралы ZOOM платформасында ұйымдастырылған бейнеконференцияда айтылды. Конференцияға қазақ телевизиясында ұзақ жылдар еңбек еткен белгілі журналистер Арман Сқабылұлы, Махат Садық, Қымбат Досжан, Зейін Әліпбек, «Astana Tv» телеарнасының Бас директоры Құрманбек Жұмағали, «Хабар 24» телеарнасының директоры Ольга Цой мен «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қорының Бас директоры Евгений Кочетов, «Айқын» газетінің бас редакторы Нұрмұхаммед Байғараев, Журналист, «IBalaqai» жобасының продюсері әрі жүргізушісі Махаббат Есен және өзге де журналистер және БАҚ саласының медиаменеджерлері қатысты.

Журналистердің салалық кәсіподағы отандық БАҚ саласының дамуы, тілшілер қауымының қоғамдағы ықпалы мен рөлінің артуына, мәртебесінің көтерілуіне күш салады. Ұйым төрағасы ретінде журналистикада 30 жылдық тәжірибесі бар, көрермен көзайымына айналған белгілі тележүргізуші Зейін Әліпбек ұсынылып, салаға жетекшілік ететін болды.

Өз сөзінде конференция модераторы, «Astana Tv» телеарнасының Бас директоры Құрманбек Жұмағали: «Өкінішке қарай, журналист қауымның кәсіби жұмысы көбіне еленбей, көлеңкеде қалып жатады. Кейде, әріптестеріміз қызметтік міндетін орындау кезінде түрлі кедергілерге тап болатынын да көріп жүрміз. Сондықтан, журналистердің құқықтық, әлеуметтік мәртебесін көтеруге барынша күш салуымыз керек. Бұл мәселемен жүйелі түрде айналысатын бізге БАҚ қызметкерлерінің одағын құру қажеттілігі туып отыр» – деп атап өтті онлайн кездесуде.

Салалық кәсіподақ басшысы Зейін Әліпбек құрылымның жоспары мен алдағы бағыттары туралы жан-жақты баяндап берді. «Алда журналистердің әлеуметтік-құқықтық жағдайын жақсартуды көздейтін көптеген шаруалар, игі бастамалар тұр. Әсіресе, журналисттердің шеберлігін шыңдап, кәсіби өсуіне бағытталған және қазақстандық БАҚ-тың әлеуетін күшейтуге арналған ілкімді жобалар бар. Оны тек қана кәсіподақ атқарады деуге болмайды. Оның барлығына сіздермен, құрметті әріптестер, бірлесе отырып қана қол жеткізе аламыз» деп атап өтті, Зейін Әліпбек.

Конференция барысында БАҚ басшылары мен журналистер кәсіподақтың құрылуын дер кезінде қолға алынған бастама деп бағалап, жүйелі жұмыс істеп, табысты нәтижелерге қол жеткізеді деген сенімін білдірді.

Айта кету керек, 2020 жылғы 10 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда 3669 БАҚ тіркелген. Барлығы 2964 мерзімді басылым, 161 телеарна, 73 радио, 471 ақпараттық агенттік және желілік басылым бар. 




Көрілген: 234    Пікірлер: 0

сейсенбі, 22.09.2020, 17:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31