Жыл басынан бері 44 кәсіпорын 890 жұмысшысына еңбекақы төлемеген

19 ақпан 2022, 15:21

Небәрі екі ай ішінде елдегі жұмыс берушілер қызметкерлеріне 160 миллион теңге қарыз болып қалған. Яғни, жыл басынан бері 44 кәсіпорын 890 жұмысшысына айлық төлемеген. Мұндай статистиканы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 
Министрліктің мәліметіне сүйенсек,  қаңтар айында 516 қызметкерге 90,2 миллион теңге көлемінде айлық берілген. Ал борышкер кәсіпорын басшылары жұмысшылардың жалақысын бекітілген кестеге сай өтеуге міндеттеліпті. Сондай-ақ, оларға орындауға міндетті 12 нұсқама беріліп, 2 миллион теңгеден астам сомаға айыппұл салынған.