Ел жаңалықтары

«Жюри қатарындағы Димаштың абыройын түсіргім келмейді». «Славян базары» конкурсына қатысатын Рухиямен әңгіме

  • «Жюри қатарындағы Димаштың абыройын түсіргім келмейді». «Славян базары» конкурсына қатысатын Рухиямен әңгіме

    «Жюри қатарындағы Димаштың абыройын түсіргім келмейді». «Славян базары» конкурсына қатысатын Рухиямен әңгіме

Шілдеде Витебск қаласында өтетін «Славян базары-2021» вокалды конкурсында Қазақстан намысын 22 жастағы Рухия Байдүйсенова қорғайды. Нұр-Сұлтандағы Қазақ ұлттық өнер университетінің 3-курс студентімен Azattyq Rýhy тілшісі сұхбаттасып, халықаралық жарысқа дайындығы, отбасы, болашақтағы жоспары туралы сұрап білді.  

ОТБАСЫ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕ ЕСІМІ ТУРАЛЫ

Рухия музыкаға бала күнінен бастап ден қойған. Рухия деген ерекше есімді атасы Байдүкен өзі қойып, 2 жастағы немересінің әнші болатынын айтып кеткен екен.

«Талдықорған қаласында дүниеге келгенмін. Музымен бала күнімнен бастап айналысамын, 7 жыл Талдықорғандағы өнер мектебінде оқығанмын. Ата-анам және әпкем бар. Атам Байдүкен күйші болған, білімін кәсіби түрде жалғастыру үшін консерваторияға түскенмен, соғысқа аттанып, оқуын жалғастыра алмаған. Рухия деген есімді атам анасының құрметіне қойған, араб тілінен аударғанда – ұлылық, жоғары дәреже деген мағынаны білдіреді. Әкемнің нағашы апасының есімі Рухия болған екен. Мен дүниеге келмей тұрып, атам «Қыз бала дүниеге келеді, есімін анамның құрметіне қоямын» деген. Мен екі жасқа келгенде атам өмірден озды, бірақ менің әншілікке бет бұратынымды сол кезде болжап кеткен екен. Ата-анама «Рухия әнші боламын десе, бетінен қақпаңдар» деп айтып кетіпті», - деді ол.

«СЛАВЯН БАЗАРЫ», ЖҰЛДЫЗ АУРУЫНА ШАЛДЫҚҚАН ӘНШІЛЕР

Рухия «Славян базарының» іріктеуіне қатарынан үшінші жыл қатысып, биыл ғана қатарында Роза Рымбаева, Толқын Забирова, Лаки Кесогулу, Нағима Есқалиева сынды атақты әншілер бар әділ қазы мүшелерінің жоғарғы ұпайын иеленген. Роза Қуанышқызы Рухияға «қазақтың Мэрайя Кериі» деп ат қойған.

«Бұл сайыстың іріктеуінен өтіп жатқаныма биыл үшінші жыл. Бұл жолы 25 үміткер қатысқан іріктеуден өттім. Карантин болған соң, үміткерлер өткен жылдармен салыстырғанда аз болды. Таңдау маған түскеннен бастап қызу дайындық үстіндемін. Вокал және би бойынша дайындық үзілмеді. Дайындықтан бөлек, «Әміре» вокал студиясында вокалдан сабақ беремін, костюмімді тігіліп жатыр.  Халықаралық сайыс болғандықтан, қобалжудан бұрын, үлкен жауапкершілікті сезініп тұрмын. Оның үстіне еліміздің Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қабылдауына шақырып, батасын берді. Университетіміздің ректоры Айман Мұсаходжаева да кеңесн беріп, қолдау білдіріп жатыр. Биыл әділ қазылар қатарында Димаш Құдайберген отырады, бұл да мен үшін үлкен жауапкершілік. Себебі, шетелдіктер маған Димаштың жерлесі ретінде қарайды және оның абыройын түсіргім келмейді», - деді Рухия.

Жас әнші кішкентайынан Димашқа қарап, ел намысын халықаралық сахналарда қорғауды армандаған.

«Бала күнімнен Роза Рымбаева апайымыздың өнерін ерекше бағалаймын. Димаштың өнеріне бұрыннан тәнтімін, ол 17 жасында «Жас Қанатқа» қатысқанда, анам: «Мына әншінің даусын қарашы, ертең әлемдік жұлдыз болады» деп айтатын. Сол кезде мен оны ВКонтакте желісінен тауып алып, лебізімді білдірдім. Мені Димаштың қарапайымдылығы, кішіпейілділігі таңғалдырды. Соңғы екі ай ұлттық арнада жүріп жатқан «Егіз лебіз» жобасында музыкалық редактор қызметін атқардым. Сонда байқағаным, кейбір танымал әншілердің ішкі мәдениеті төмен. Вокалистердің, операторлардың еңбегіне құрметпен қарауды білмейді, жұлдыз ауруына шалдыққан. «Егіз лебіз» жобасынан көп сабақ алдым. Қарапайым қызметкерлерге түрлі мінезін көрсетіп, жұлдыз ауруына шалдыққан әншілердің әрекеттері сабақ болды. Мен кәсібилігі жоғары әнші емес, сонымен қатар, интеллектуалдық деңгейі бар, нәпсіқұмарлықтан, парақорлықтан алыс музыкант болғым келеді», - деді Рухия.

РУХИЯ ӨЗІ ЖАЙЛЫ 

Кейіпкеріміз ән айтудан бөлек, спортпен шұғылданғанады. Мұқағали Мақатаевтың жырларын оқығанды жақсы көретінін айтты. 

«Бос уақытымда жалғыз серуендегенді, спортпен айналысқанды ұнатамын. Одан бөлек, Мұқағали Мақатев атамыздың өлеңдерін оқу маған ерекше шабыт сыйлайды. Осы уақытқа дейін продюсерім болмады, бәлкім «Славян базарынан» кейін қажет болып қалар. Ол жағы уақыттың еншісінде, бірақ команда қажет екені анық. Бастысы, продюсерлер маған бизнес жоба ғана емес, шығармашылық адамы деп қараса екен. Маған еркіндігім қымбат», - деп аяқтады ол әңгімесін.

Айта кетейік, «Славян базары» байқауы Беларусь мемлекетінің Витебск қаласында 15-19 шілде аралығында өтеді.

Айжан Қалиева, Нұр-Сұлтан




Көрілген: 4864    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 14.06.2021, 14:44

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31