Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

"Қабырғасы ажырап, дуалдары жарылып кеткен": Түркістан облысында оқушылар басқа ауылға қатынап оқуға мәжбүр

16 наурыз 2023, 19:38

Түркістан обылысы Төлеби ауданы Қостөбе ауданындағы мектептің едені мен қабырғасының арасы ажырап, дуалдары жарылып кеткен. Балалар басқа ауылда орналасқан мектепте оқуға мәжбүр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап. 

Мектеп директорының айтуынша, 300 млн теңгеге салынған мектеп 2011 жылы тапсырылған. Бірақ артынша асхана қирап қалған. Мердігер мекмеме өкілдері олқылықтарды жамап кеткенімен, ешнәрсе өзгермеген. 2016 жылы соттың шешімімен асхана толық жабылған. 

“Соттың шешімімен метеп 80 пайыз моральді, материалдық жағдайына байланысты жарамсыз деп табылды. 2022-2023 оқу жылынан бастап Қаратөбе ауылындағы жалпы орта мектепке балаларды тасымалдап жатырмыз”, – дейді Қаратөбе орта мектебінің директоры Данияр Айтбаев.

Оқушыларды бес шақырымнан астам жерде орналасқан мектепке жеткізу үшін көлік жалданған. Алайда автобусқа балалар сыймайтын көрінеді. Екі ауылды жалғайтын көпірден өту де қиын. Көпір бес жылдан бері салынып бітпепті.

“Бес жылдан бері көпір салынып жатыр. Балалардың қауіпсіздігі маңызды. Балалар өтіп бара жатқан кезде су көтерілсе жағдай қиын”, – дейді ауыл тұрғындары. 

Көпір жұмыстарына 42 млн теңге бөлінген. Алайда мердігер көпір құрылысын аяқтамай, ақшасын қайтарып берген. Тіпті үстіне қылмыстық іс қозғалыпты. Көпір құрылысы қашан аяқталатыны әзірге жергілікті шенеуніктерге де белгісіз.