Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

ҚАЖ комитеті өтініш және шағым қабылдауға арналған WhatsApp нөмірін жариялады

16 тамыз 2020, 16:16

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне (ҚАЖК) енді ұялы телефоннан хабарлама жіберуге болады. Қазақстандықтарға WhatsApp-та жедел желісі құрылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Сенім телефоны, электрон үкімет порталындағы төрағаның блогы сияқты қолданыстағы кері байланыс құралдарына қосымша азаматтармен тағы бір байланыс арнасы ашылды. Енді ҚАЖ тарапынан тәртіп бұзушылықтарға тап болған әрбір адам хабарлама жібере алады. Мұндай байланыс бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың құқығын қорғау мен сақтауды қамтамасыз ету тәртібін жетілдіруге мүмкіндік береді", - деді ҚАЖК басшысы Жанат Ешмағамбетов.

 

ІІМ ҚАЖ комитетінің баспасөз қызметі өкілі бұл үшін WhatsApp мессенджерінде 8-776-677-80-77 жедел желі нөміріне хабарлама және медиафайлдар жіберу қажет екенін айтты. Жауап мессенджерде қайтарылады.

 

"Біз кері байланыстың бұл түрі барлық құқық бұзушылық бойынша өтініштер мен шағымдарды қабылдау мен қарауды жеңілдетеді деп санаймыз. Бұл жұмысқа онлайн режимінде келіп түскен хабарламаларға мониторинг жасап, жауап дайындау үшін оларды комитеттің бейінді қызметтеріне қайта бағыттайтын оператор бекітілген.

Бірде-бір хабарлама назардан тыс қалмайды. Тұрғындардың өтініштерін объектив және жан-жақты қарау мақсатында бас бостандығынан айыру орындарында қоғамдық бақылау жүргізетін мүдделі органдар мен өкілдер тартылады", - деп толықтырды ҚАЖК төрағасы.