Ел жаңалықтары

Қала қызыл жалын құрсауында қалғандай: Петропавлда алапат өрт болды – видео

  • Қала қызыл жалын құрсауында қалғандай: Петропавлда алапат өрт болды – видео

    Қала қызыл жалын құрсауында қалғандай: Петропавлда алапат өрт болды – видео

Желдің күшеюіне байланысты 10 гектар аумақтағы тілсіз жауды ауыздықтау өрт сөндірушілерге едәуір қиындық тудырған
Петропавл қаласының шетіндегі далалы аймақта өртенген қамыс қала тұрғындарының үрейін ұшырды. 10 гектар аумақты шарпыған тілсіз жаудың қызыл жалыны қаланы өрт құрсауында қалғандай күйге түсірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Өрт сөндірушілер үш сағаттан астам уақыт бойы тілсіз жаумен арпалысқан.

Қала іргесіндегі Сенная базасының аумағында қамыс жанып жатқаны туралы хабарлама Облыстық төтенше жағдайлар департаментіне 16 қазан күні сағат 19:09 минутта түскен. 


 

"Өртенген аймақтағы тұрғын үйлер мен өндірістік нысандарға қауіп төнгені анықталды. Қауіптілік деңгейіне қарай екінші қоңырау нөмірі жарияланды", &ndash дейді өрт сөндіру қызметі бойынша департамент бастығының орынбасары Николай Белоусов. 


 

Желдің күшеюіне байланысты тілсіз жауды ауыздықтау күрделенген. Оған қоса, айналаны қаптаған қараңғылық пен жабысқақ батпақта жұмыс істеу өрт сөндірушілерге едәуір қиындық тудырған. 

https://www.instagram.com/skopetro/?utm_source=ig_embed

"Полиция қызметкерлері отқа оранған аумақты қоршауға алды. Сондай-ақ, өрт сөндіру мен құтқару қызметінің оннан астам техникасы мен жетпіске жуық маманы жұмылдырылды", &ndash делінген хабарламада.

Өрт 22 сағат 19 минутта толық сөндірілді. Зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ.
 
 




Көрілген: 488    Пікірлер: 0

сенбі, 17.10.2020, 11:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31