Ел жаңалықтары

"Қалай ұйықтайсың?". Ақтөбе әкімі жолды жөндеген мердігерлерді қатты сынға алды

  • "Қалай ұйықтайсың?". Ақтөбе әкімі жолды жөндеген мердігерлерді қатты сынға алды

Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаров жолдарды жөндеген мердігер компаниялармен жиналыс өткізді, деп хабарлайды "Диапазон" сайты.

Қала басшысы жолды жөндеу жұмыстарының сапасына көңілі толмайтынын айтып, мердігерлерді қатаң сынға алды. Асхат Шахаров қала тұрғындары жөндеу жұмыстарының сапасына реніштерін білдіргенін айтты. 
"Тағы қайталап айтамын, жұмыстарыңыз сенімді ақтамады! Мемлекет бұл қызметті сіздерден, жол жұмысшыларынан сатып алды. Сіздер бұл наразылықтардың барлығын экономикалық шиеленістен әлеуметтік шиеленіске айналдырып жатырсыздар. Біраз сынның астында қалдық. Кейбіріңізбен күш тұрғысынан сөйлесемін, өйткені сіздер келісімшарттағы міндеттерді орындамай отырсыздар", - деп сынады Асхат Шахаров мердігерлерді. 

Қала әкімі жұмысын сапасыз істеген мердігерлерге сотқа беретінін ескертіп, жол зертханасына қала жолдарының сапасын қадағалауды тапсырды.

Бұған дейін, ақтөбелік тәртіп сақшылары шұрық-тесік жолды дер уақытында жамамағаны үшін шенеуніктерді сотқа берді еді.




Көрілген: 449    Пікірлер: 0

жұма, 09.04.2021, 12:32

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31