Ел жаңалықтары

Қамауға алынған Мәсімовтің орынбасары туралы не белгілі

  • © Photo : Фильм Службы

    © Photo : Фильм Службы "Арыстан", скриншот из Youtube

Ұлттық қауіпсіздік комитетінде Кәрім Мәсімовтің орынбасары қызметін атқарған Әнуар Садықұлов бастығымен бірге мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен қамалды. Әнуар Садықұлов 1967 жылы Алматы қаласында туған, Ленинабад пен Қапшағай қаласында Кеңес армиясы қатарында қызмет еткен.

 

1991 жылы жергілікті зооветеринарлық институтты бітіріп, 1992 жылдан бастап күштік органдарда еңбек жолын бастады;

 

1992-2013 жылдары – президенттің күзет қызметінің қызметкерінен осы құрылымның бастығына дейін көтерілді;

 

2013 жылдың қаңтар-наурызында ҚР ҰҚК "Арыстан" арнайы қызметін басқарды, кейін президент күзеті қызметінің бастығы лауазымына оралды;

 

2014-2019 жылдары – бес жыл ҰҚК басшысының орынбасары және онымен қоса ҚР ҰҚК "Арыстан" арнайы қызметінің бастығы болып жұмыс істеді;

 

2019 жылдан 2022 жылдың қаңтарына дейін – ҰҚК басшысының орынбасары қызметін жалғастырды, сонымен қатар "А" арнайы жасағы қызметін басқарды.

 

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті "А" арнайы мақсаттағы қызметінің құрылғанына 25 жыл толуына орай 2017 жылы түсірілген деректі фильмде Әнуар Садықұлов былай деген:

 

"Ең бастысы – өз мемлекетіңе және президентке деген адалдық. Өкінішке қарай, қазіргі әлемде қауіп-қатер деңгейі төмендемей тұр, біз Таяу Шығыстағы, Сириядағы жағдайды көріп, талдаймыз. Біздің міндетіміз – осы сын-қатерлерге дайын болу және тиісті шаралар қабылдау".

 

Сол фильмде ол "біздің кез келген қызметкеріміз өз Отаны үшін өмірін қиюға дайын. Бұл - ер адам, жауынгер өз Отаны үшін жасай алатын ең үлкен нәрсе. Мүмкін ол осы үшін дүниеге келген шығар", деген.

 

2022 жылдың қаңтарында Әнуар Садықұлов мемлекетке опасыздық жасады және елдегі билікті күшпен басып алуға әрекет жасады деген күдікпен Кәрім Мәсімовпен бірге қамауға алынды.

 

 

 

sputnik.kz

 

 

 




Көрілген: 3056    Пікірлер: 0

бейсенбі, 13.01.2022, 18:58

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31