Ел жаңалықтары

Қанат Әлжаппаров: Саяси әзілдерімді қиып тастайды, сондықтан арзан әзілдер айтып жүрмін

  • Қанат Әлжаппаров: Саяси әзілдерімді қиып тастайды, сондықтан арзан әзілдер айтып жүрмін

    Қанат Әлжаппаров: Саяси әзілдерімді қиып тастайды, сондықтан арзан әзілдер айтып жүрмін

Бұл туралы "Талқылайық" бағдарламасында айтылды. 

 
Қанат Әлжаппаров саясат туралы әзіл айтпайды. Себебі ол халыққа жетпейді дейді өзі. Ал кей арзан әзілдері кей көрерменге мүлде өтпейді екен. 

"Бірде саясат туралы әзіл айттым. Отыз елдің қатарына кіру деген секілді мәселе қозғалды. Айта сала бірден қиятындарын ескертті. Сол халыққа жеткен жоқ. Содан кейін саяси әзілдер айтпаймын. Ақыры қиып тастайтын болса, онда осыларға керегі арзан әзілдер екен деп ойладым. Сондықтан болмайтын әзіл айтып жүрмін. Соған халық риза. Алайда элиталық орындарда менің әзілдерім өтпейді. Әсіресе, Алматыдағы қымбат мейрамханаларда әзілім де, өзім де өтпеймін. Бірде Ерболат Төлеген сондай тойға ертіп апарды. Ағамның тойы деді. Бір-екі әзіл айтып едім, ешкім күлмеді. Тіпті түсінбеді. Сосын ақырындап тойдан шығып кеттім. Содан кейін элиталардың тойына бармаймын", - деді әзілкеш. 

Әзілкеш өзі туған аймақта өзін ерекше құрметтейтінін айтты. Кино түсіру барысында да, басқа уақытта да мұны халықтың ықыласынан аңғарамын дейді ол. 

"Кино түсіруге көп шығын кеткен жоқ. Тегін берген кәсіпкерлер болды. Локациялар үшін ақша жұмсамадық. Біреу мейрамханасын, біреу қолында барын берді. Тегін берді. Кейде сыйлық алып жатамын. Ат мінгізеді. Соған қарағанда мені жақсы көреді. Халықтың көңілінен шығып жүрмін деп ойлаймын", - деді Әлжаппаров. 

Дегенмен әзілкеш өз туған жерінен гөрі өзге аймаққа тойға көп шақырту алады. Ал солтүстік өңірдің тойын басқара алмайды.

"Мен орыс тілділердің тойын басқара алмаймын. Орысша білмегенім - кемшілік емес шығар", - деді актер. 

Әзілкеш жарнама жасап өкінген сәттерін жасырмайды. Ол үшін көпшіліктен кешірім сұрады. 

"Мен бір кездері атышулы ломбарды жарнамалап, өкініп қалдым. Халық алданды, біз алдандық. Содан кейін ломбардты жарнамаламаймын. Кешірім сұраймын. Былай қарағанда, ол біздің сауатсыздығымыз. Соның кесірі халыққа тиді. Қанша әншілер жарнама жасады. Аз ғана ақша үшін абырой қалды", - деді Қанат. 




Көрілген: 652    Пікірлер: 0

сейсенбі, 11.05.2021, 14:37

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30