Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қандастарды қабылдауға қанша квота бөлінгені белгілі болды

21 тамыз 2020, 11:23

Еңбек министрінің бұйрығы алғашқы ресми жарияланған күннен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

Қазақстанның өңірлеріне қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2020 жылға арналған квотасы бекітілді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 17 тамыздағы "2020 жылға арналған қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын бекіту туралы бұйрығы шықты.

Құжатқа сәйкес, биыл қандастарды қабылдау үшін 1 378 адамға, ал қоныс аударушыларды қабылдау үшін 4 750 адамға өңірлік квота бөлініп отыр.

Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Айта кетсек, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен "оралман" сөзі "қандас" ұғымымен алмастырылды. Заңға тиісті өзгерістер биыл енгізілген болатын.

Сонымен қатар, енді этникалық қазақтар 1991 жылға дейін шет мемлекетте тұрғанын растамайды. "Оралман" мәртебесін алу үшін бұрын Қазақстан азаматтығын алмағаны негізгі критерий болып саналады.