Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қаңтар айына арналған ауа райы болжамы

31 желтоқсан 2022, 12:53

«Қазгидромет» РМК қаңтар айына ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.

Қаңтардың бірінші онкүндігінде Қазақстанда қарқынды Атлантикалық және Оңтүстік циклондардың әсерімен құбылмалы күн райы күтіледі. Республиканың солтүстік жартысында мол қар жауып, бұрқасын болжанады. Оңтүстік бөлігінде – жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар), оңтүстік және шығыс аудандарда қатты жауын-шашын жаууы ықтимал. Республиканың оңтүстік-батыс жартысында тұман және көктайғақ күтіледі. Елдің басым бөлігінде желдің күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с құрайды.

 

Республиканың басым бөлігінде ауа температурасы түнде -15-25 градустан -3-12 градусқа дейін, күндіз -7-15 градустан 0-8 градусқа дейін; еліміздің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында түнде -5-15 грудастан +2° градусқа дейін, күндіз 0,-8 градустан +1+8 градусқа дейін ауытқиды.

 

Еліміздің батыс аудандарында ауа температурасы түнде -5+5° градустан -15-25 градусқа дейін, күндіз -3+8 градустан -10-20 градусқа дейін төмендейтіні күтіледі.

 

Бірінші онкүндіктің соңында Қазақстанның басым бөлігінде солтүстік-батыс антициклоннын әсерінен ауа температурасы түнде -20-30 градусқа, ал күндіз -10-18 градусқа дейін, республикамыздың оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығысында түнде -10-20 градусқа, күндіз -5-15 градусқа дейін төмендейді.

 

Консультативті болжамға сәйкес 2023 жылдың қаңтар айының екінші және үшінші онкүндігінде Қазақстанның басым аумағында күн райы жиі өзгереді: аяздың беті қайтып, қарлы боран, бұрқасын және екпінді жел күтіледі.

 

Оңтүстік циклондардың әсерінен қарқынды жылу толқындары байқалады, бұл кезде ауа температурасы еліміздің солтүстік жартысында күндіз -5+2 градусқа, оңтүстік жартысында және оңтүстік-батысында күндіз +2+12 градусқа дейін жоғарылайды.

 

Ал солтүстік-батыс антициклоннын енуіне байланысты карқынды суық толқындар болжанады, бұл кезде ауа температурасы республикамыздың солтүстік жартысында және орталығында түнде -25-35 градусқа, күндіз -15-25 градусқа дейін, оңтүстік жартысында және оңтүстік-батысында түнде -12-22 градусқа, күндіз -3-15 градусқа дейін төмендейді.

 

«Бір айға арналған болжам консультативтік ретінде пайдаланылуы керек. Ол кейіннен синоптикалық жағдайдың өзгеруіне қарай түзетіледі және онкүндік пен 2-3 күндік ауа райы болжамдарымен нақтыланады», - деді Қазгидрометтен.