Ел жаңалықтары

«Қанымды ішіп қойды»: Дәурен Айдарқұлов бірінші әйеліне қалай үйленгенін айтып берді (ВИДЕО)

  • «Қанымды ішіп қойды»: Дәурен Айдарқұлов бірінші әйеліне қалай үйленгенін айтып берді (ВИДЕО)

    «Қанымды ішіп қойды»: Дәурен Айдарқұлов бірінші әйеліне қалай үйленгенін айтып берді (ВИДЕО)

Отандық танымал актер Дәурен Айдарқұлов алғаш рет бірінші әйелімен арақатынасы жайлы жан сырын ақтарды. Өнер иесі қалай және не себепті оған үйленгенін айтып, бұрынғы жарын жер-көкке сыйғызбай мақтады деп жазады nur.kz.

Дәурен Айдарқұлов бірінші келіншегімен қыз бен жігіт ретінде тым аз кездесіп жүрген. Қос ғашық той алдында тек 3-4 мәрте ғана көріскен болып шықты.

Атышулы актер айналасындағы достары мен әріптестерінің барлығы үйленгендіктен, үй-іші оны да жанұялы болуға итермелеген. Нәтижесінде оның таңдауы Баянгүл есімді аруға түсті.

Айдарқұловтың сөзінше, жары өзі ойлағандай керемет ана әрі үлгілі келін бола алды. Шоу-бизнес жұлдызы екеуінің екі жаққа кетуіне өзі кінәлі екенін айтты. Ол бірінші келіншегін өзі жіберіп алғанын мойындады.

Екінші рет үйленгенде бірінші жарымен көп байланыса алмаған актер бүгінде онымен жиі сөйлесе бастаған.

Бұл туралы Айдарқұлов "Talk Like" бағдарламасында айтты.

"Үйленер алдында біз өте аз кездесіп жүрдік. Үш-төрт кездесу болған шығар. Бірінші кезіккенімізден кейін мен өзім Павлодарға барып ағасымен таныстым. Одан кейін тағы бірнеше кездесу болды. Бұл жайттар не себепті орын алғанын түсіндірейін.

Ол ата-анам мен достарымның әсері еді. Біз хабарласып тұрдық. Бірақ, онымен қатар мен басқа арулармен де байланысып жүрдім. Жалғыз ұл болғандықтан әке-шешем үйлен деп қанымды ішіп қойды. Біз Шымкенттенбіз. Біз жақта бұл жайт кеңінен таралған.

Оның үстіне сол кезде айналағымдағы достарымның барлығы дерлік бірінен соң бірі үйлене бастады. Соңғы бойдақтардың бірі Нұрлан үйленгенде мен де қимылдай бастадым. Ең керемет нұсқа Баянгүл болады деп шештім. Себебі, барлық қыздардың арасынан тек соны ғана жақсы ана, әдепті келін ретінде көрдім. Қателеспедім. Қыз жақсы, жігіт жаман болып тұр ғой.

Мен бірінші әйелімді жіберіп алдым. Оның кетуіне мен себепкермін. Қазіргі таңда, оның да, менің тарапымнан да қосылуға ниет жоқ. Жақсы қарым-қатынастамыз. Уақыт көрсетеді. Бұрын Ақбота болғанда біз сирек хабарласатынбыз. Қазір еркін сөйлесетін болдық. Қазір үлкен ұлым менімен тұрады ғой. Сол себепті, бүгінде көбірек араласып тұрамыз" , - деді Айдарқұлов. 




Көрілген: 2183    Пікірлер: 0

жұма, 23.10.2020, 12:09

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30