Ел жаңалықтары

«Капитолийге шабуыл алдын ала ұйымдастырылған» – АҚШ қауіпсіздік қызметі

  • «Капитолийге шабуыл алдын ала ұйымдастырылған» – АҚШ қауіпсіздік қызметі

    «Капитолийге шабуыл алдын ала ұйымдастырылған» – АҚШ қауіпсіздік қызметі

6 қаңтардағы Капитолийге шабуыл алдын ала ұйымдастырылған болуы мүмкін. Сейсенбі күні конгрестегі тыңдау кезінде полиция басшылары мен АҚШ парламентінің қауіпсіздігіне жауапты мамандар осылай деп мәлімдеді, деп жазады Азаттық. 

Капитолий полициясының бұрынғы басшысы Стивен Сундтың сөзіне қарағанда, шабуылдаушылар өздерімен бірге арнайы құрал: альпинистік жабдықтар, химиялық спрей, жарылғыш зат әкелген.

"Қоршау периметрінен алыс аумақта қолдан жасалған екі бомба жарылды, бұл Капитолий ғимаратындағы полицейлердің назарын аударту үшін жасалған амал" деді Сунд.

"Федералдық барлау қызметі жүргізген тергеудің алдын ала дерегі шабуылға Oath Keepers және Proud Boys атты оңшыл экстремистік топтардың қатысы барын көрсетеді" деді сенаттың ішкі қауіпсіздік мәселелері жөніндегі комитет төрағасы Гэри Питерс.

Дегенмен конгресс қауіпсіздігіне жауапты қызмет жетекшілері федералдық барлау қызметінен шабуыл жайлы ескерту алмағанын атап айтты.

"Барлау деректеріне қарап, біз шабуыл ықтималдығы артып, Капитолийге қарулы адамдар келуі мүмкін деп топшыладық. Бірақ ол ақпарат [6 қаңтар күнгідей] ірі ауқымда болады деп болжауға мүмкіндік бермеді" деді Стивен Сунд.

2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі терактіден бері Америка арнайы қызметінің ең ірі сәтсіздігі деп бағаланған оқиғаның себебін анықтау мақсатында конгресте алғашқы тыңдау өтіп отыр.

6 қаңтарда президент Дональд Трамп қатысқан Ақ үй алдындағы митингіден кейін жүздеген адам конгрестің ғимаратына басып кіріп, заң шығарушыларға Джо Байден жеңімпаз деп танылған президент сайлауының нәтижесін бекітуге кедергі жасады. Бірнеше күннен кейін Дональд Трампты өкілдер палатасы "тәртіпсіздікке итермеледі" деп айыптап, импичмент жариялаған, алайда сенат Трампты ақтап шықты.




Көрілген: 348    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 24.02.2021, 15:04

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30