Қапшағай қаласының атауы ресми түрде Қонаев болып өзгерді

03 мамыр 2022, 19:03

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Алматы облысының Қапшағай қаласын Қонаев қаласы деп қайта атау туралы» Жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Алматы облысының Қапшағай қаласын Қонаев қаласы деп қайта атау туралы

2022 жылғы 03 мамыр

 

«Қазақстан Республикасының əкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сəйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

 

1. Алматы облысының Қапшағай қаласы Қонаев қаласы деп қайта аталсын.

 

2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті  Қ.Тоқаев

 

 

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 3 мамыр

                   №  885