Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қапшағай карантин аяқталғанға дейін жабылады

23 шілде 2020, 11:47

Қапшағайдың бүкіл жағалауы демалушылар үшін карантин аяқталғанға дейін жабылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қапшағай

"Шипажайлық-курорттық нысандардың, демалыс үйлерінің, демалыс орындарының қызметін 25 шілдеден 2 тамызға дейін тоқтата тұру. Демалыс базалары орналасқан аумаққа кіре берісте ұялы бекеттер орнатылсын", - делінген Алматы облысының бас санитар дәрігерінің міндетін атқарушының жаңа қаулысында.

 

Алматы облысында Көлсай көлдеріне баруға да тыйым салынады. Күшейтілген карантиндік шаралар аяқталғанға дейін ұлттық саябақтарға, танымал туристік және таулы жерлерге (Медеу, Бутаковка, Алма-Арасан) кіруге тыйым салынады. Тек жұмыс күндері жаяу және велосипедпен жүруге рұқсат етіледі.