Ел жаңалықтары

Қар, бұрқасын, қатты жел: Қазақстанның бірнеше өңірінде дабылды ескерту жарияланды

  • Қар, бұрқасын, қатты жел: Қазақстанның бірнеше өңірінде дабылды ескерту жарияланды

    Қар, бұрқасын, қатты жел: Қазақстанның бірнеше өңірінде дабылды ескерту жарияланды

Сәрсенбі, 24 қарашада қар, бұрқасын, қатты жел мен тұманға байланысты бірқатар өңірде дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қазгидромет мәліметінше, күндіз Ақмола облысының оңтүстігінде жаңбыр мен қар жауып, бұрқасындатады. Облыстың оңтүстігінде көктайғақ болжанып отыр. Желдің екпіні 15-20 м/с дейін барады.

 
Қызылорда облысының солтүстігінде тұман күтілуде.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде – тұман, бұрқасын. Өңірдің солтүстігін тұман басады. Жылдамдығы 15-20 м/с жел соғады.  

Орал қаласында түнде және таңертең тұман болжанып отыр.

Маңғыстау облысының батысы мен орталығында да тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің бағыты солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстік-батысында желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Ақтау қаласында түнде және таңертең – тұман.

Ақтөбе облысының оңтүстігі мен шығысында күндіз жаңбыр, қар жауады, облыстың шығысында бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Атырау облысының батысында, солтүстігі мен орталығында тұман түседі, көктайғақ болады.

Атырау қаласында түнде және таңертең тұман, көктайғақ болжанып отыр.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, солтүстік-батысында бұрқасындатады, көктайғақ. Түнде және таңертең өңірдің оңтүстігін тұман басады. Желдің екпіні 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с дейін барады.




Көрілген: 2960    Пікірлер: 0

сейсенбі, 23.11.2021, 18:42

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31