Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қар, жаңбыр: 20 қазан күнгі ауа райы болжамы

20 қазан 2021, 09:10

20 қазан күні еліміздің батыс, солтүстік және оңтүстік аумақтарында ауа райын циклон жырасы және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктер анықтайтын болады. Соған байланысты жаңбыр күтіледі. Батыста жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде болады. Республиканың тек шығысында және оңтүстік-шығысында антициклон жотасының ықпалымен жауын-шашынсыз күн райы сақталады. Сондай-ақ елдің батысында және шығысында тұман болжанады, оңтүстік-шығыста, оңтүстік пен батыста екпінді жел тұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, «Қазгидромет» РМК ақпаратына сәйкес, Батыс Қазақстан облысының батысында тұман күтіледі, күндіз оңтүстік-батыста желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Атырау облысының басым бөлігінде жел 15-20 м/с артып, түнде батыста және оңтүстікте тұман қалыңдай түседі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі, оңтүстік-шығысында жел 15-20 м/с артады.

Күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында жел 15-20 м/с күшейеді, шаңды дауыл тұрады.

Алматы облысының Алакөл ауданында, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында және таулы аудандарында желдің екпіні 25 м/с жетеді.

Маңғыстау облысының батысында және солтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында, күндіз Қостанай облысының батысында, таңертең және күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында жел 15-20 м/с артады.