Қар мен көктайғақ: Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

11 қазан 2021, 12:28

Қазгидромет 12-14 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Кезең ішінде ауқымды антициклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. Тек солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі.

 
12 қазанда таулы аудандарда қатты жауын-шашын болады. Сондай-ақ, республика бойынша түнде және таңертең тұман, солтүстікте — көктайғақ, батыста және оңтүстікте шаңды дауыл болжанады.

Батыста және солтүстік-батыста күндізгі температура 20 градусқа дейін жоғарлайды, солтүстікте, шығыста және орталықта 15 градусқа дейін, оңтүстік аймақтарда 20 градусқа дейін жылы болжанады.