Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

"Қара бүркіт" колониясының басшысы ұсталды: істің мән-жайы белгілі болды

28 тамыз 2020, 11:36

Қостанай облысының полиция департаменті Жітіқара түрмесі бастығының ұсталуына қатысты түсініктеме берді

"Қара бүркіт" колониясының басшысына қатысты "Пара алу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Қостанай облысының полиция департаментіне сілтеме жасап.

Бірлескен операцияны Қостанай облысының полиция департаменті мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті жүргізді.

"Қостанай облысы Қылмыстық атқару жүйесі департаменті УК-161/3 қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінің бастығы сотталушыға қамқорлығы үшін пара алғаннан кейін ұсталды. Қазір күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-тармағы "Пара алу" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", - деп мәлімдеді полиция департаментінен.

Бұл үшін мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның алпыс еселенгеннен жетпіс еселенгенге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салу немесе жеті жылдан он екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Күдікті Қостанай қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Жыл басынан бері Қостанай облысында ішкі істер органдарының 21 қызметкері жұмыстан шығарылды. Тағы 23 қызметкер тәртіптік жазаға тартылып, қызметінен босатылды.

УК-161/3 мекемесі ел аузында "Қара бүркіт" деген атпен кең танылған. Түрмеде өмір бойына бас бостандығынан айырылғандар жазасын өтеп жатыр. Атап айтқанда, "Арқанкерген" шекара заставасында серіктестеріне оқ жаудырып, қырып салғаны үшін сотталған Владислав Челах пен алматылық қылмыскер Руслан Күлекбаев бар.