Ел жаңалықтары

"Қара бүркіттің" 19 қызметкері коронавирус жұқтырды

  • "Қара бүркіттің" 19 қызметкері коронавирус жұқтырды

Қостанай облысының Жітіқара қаласында "Қара бүркіттің" 19 қызметкерінен коронавирус табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

түрме

ПТР диагностикалық зерттеулерінің нәтижелері бойынша СOVID-19 диагнозы 11 ер адам мен 8 әйелде расталды. Олардың барлығы - "УК-161/3 мекемесі" РММ-нің 21 жастан 54 жасқа дейінгі қызметкерлері. Бұл адамдар бұрын ауырған науқастармен тығыз байланыста болған. 

 

Сондай-ақ, қызметкерлердің казармалық жағдайда болғаны, колониядан ешкім шықпағаны атап өтілді. Қазіргі уақытта науқастар Жітіқара қалалық ауруханасына жеткізілді. Олар бекітілген хаттамаға сәйкес ем алады. 

Қазіргі уақытта Қостанай облысында COVID-19 жұқтырудың 98 жағдайы анықталды, 47 адам сауығып, шығарылды.

"Қара бүркіт" (ресми атауы - УК-161/3 мекемесі) - Қостанай облысындағы төтенше қауіпсіздік мекемесі. Колония Жітіқара қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 25 шақырым жерде орналасқан. 2004 жылдан бастап онда өмір бойы бас бостандығынан айыруға сотталған аса қауіпті қылмыскерлер үшін жергілікті учаске бар.

"Қара бүркітте" жазасын өтеп жатқандардың қатарында Владислав Челах, "алматылық мерген" Руслан Күлекбаев және басқалары бар.

 
 

 




Көрілген: 264    Пікірлер: 0

сейсенбі, 19.05.2020, 10:31

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31