Ел жаңалықтары

Қарағанды облысында ақбөкендерді заңсыз аулағандар 3 жарым жылға бас бостандығынан шектелді

  • Қарағанды облысында ақбөкендерді заңсыз аулағандар 3 жарым жылға бас бостандығынан шектелді

    Қарағанды облысында ақбөкендерді заңсыз аулағандар 3 жарым жылға бас бостандығынан шектелді

Қарағанды облысында ақбөкендерді заңсыз аулағандарға сот үкімі шықты, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Қаңтар айының ортасында Нұра аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, елдімекендердің бірінде “Браконьер” профилактикалық іс-шарасы кезінде 29 және 34 жастағы екі жергілікті тұрғынды ұстаған еді. 

Тексеру барысында олардан үш ақбөкеннің тұтас еті және алты кесілген мүйіз табылған болатын. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 2-бөлімі 339-бабы (Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерге, сондай-ақ тыйым салынған өсімдік немесе жануарлар түрлеріне, олардың бөліктеріне немесе туындыларына заңсыз қатынас жасау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу барысында күдіктілер өз кінәларын толықтай мойындады. 

Қылмыстық істі қарау үшін Нұра аудандық сотына жіберілді. Айыпталушылар прокурормен процессуалдық келісім түрінде келісім жасасты. Ал сот істі бітімгершілік рәсімдері шеңберінде қарады. Ол қылмыстық іске қатысқан әрбір адамды үш жыл мерзімге аң аулауға байланысты қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, үш жыл алты айға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. 

Сонымен қатар сот сотталушыларды жәбірленуші тараптың пайдасына – “Қарағанды облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесінің аумақтық инспекциясы” республикалық мемлекеттік мекемесінің пайдасына – жалпы сомасы 13 млн 126 мың теңгені құрайтын материалдық шығынды өтеуге үкім шығарды. Үкім заңды күшіне енді.




Көрілген: 397    Пікірлер: 0

сейсенбі, 15.06.2021, 15:34

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31