Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қарағанды облысында екі жыл бұрын салынған көпір құлағалы тұр

02 қыркүйек 2020, 23:07

Қарағандыда салынғанына екі жыл болған көпір құлағалы тұр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарна редакциясына хабарласқан Шет ауданының тұрғындары сапасыз өткелдің сыр бергенін айтып шағымданған. Олардың айтуынша, көліктер көпір үстінде жол апатына жиі ұшырайды. Халық жергілікті билікті құрылысқа атүсті қарады деп айыптады. 

«Машиналар аударылып жатыр. Ауылға кіру өте қауіпті. Жақында менің жақындарым аударылып қалды. Көпірдің сапасы сай келмейді. Оқу да басталды. Балаларды алаңдаймыз», - деді Шет ауданының тұрғыны Алмагүл Қожаниязова.

Ал Қарағанды облысы Шет ауданының Тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Дархан Смайыловтың айтуынша, су қоймасы тасып кетіп, көпірдің сапасына нұқсан келді және жақында қалыпқа келтіріледі.