Ел жаңалықтары

Қарағанды облысында жол апатынан үш адам қаза тапты

  • Қарағанды облысында жол апатынан үш адам қаза тапты

    Қарағанды облысында жол апатынан үш адам қаза тапты

Шет ауданындағы Ақсу-Аюлы кентінің маңында «Газель» мен қалааралық автобус соқтығысты. Жол апаты салдарынан жарақат алған үш адам оқиға орнында көз жұмды.

 
Оқиға 5 наурызға қараған түні сағат 1-лер шамасында Ақсу-Аюлы кентінен 30 шақырым қашықта «Алматы-Екатеринбург» автожолында болған. 34 жастағы «Газель» автокөлігінің жүргізушісі қарсы бетке шығып кетіп, «Тараз-Нұр-Сұлтан» бағытымен келе жатқан «VAN HOOL» маркалы автобуспен (рөлде - 56 жастағы жүргізуші) соқтығысқан.

Қарағанды облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол апаты салдарынан «Газель» автокөлігінің жүргізушісі мен 24 жастағы жолаушысы, сондай-ақ 37 жастағы автобустың екінші жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Автобуста төрт жолаушы болған.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу басталды.




Көрілген: 320    Пікірлер: 0

жұма, 05.03.2021, 16:45

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30