Ел жаңалықтары

Қарағанды облысында карантин ұзартылды

  • Қарағанды облысында карантин ұзартылды

    Қарағанды облысында карантин ұзартылды

Қарағанды облысының бас санитарлық дәрігері Юрий Залыгин облыс аумағында карантин режимін ұзартты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Санитарлық дәрігердің 19 қаңтардағы қаулысында меншіктің барлық нысандарындағы кәсіпорындарға шектеулер көрсетілген. Атап айтқанда, басшылық өз қызметкерлерінің биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуі, үйдің жанындағы азық-түлік дүкендері мен дәріханаларға бір мезгілде екі адамнан көп кіруіне шектеу қоюы керек.

 
Қоғамдық тамақтану нысандарының жұмыс, мереке және демалыс күндері жұмыс істеу режимі сағат 07.00-ден 22.00-ге дейін шектеледі. Толтырылуы 50%-дан аспауы тиіс (50 отыратын орыннан артық емес). Ұжымдық және еске алу іс-шарары өткізілмейді.

Тамақты өзімен алып кету және жеткізу уақыты шектелмейді.

Мәдениет нысандарының қызметі толымдылығы 20%-дан аспайтын жағдайда жүзеге асырылады. Дайындық тек 30 адамнан аспайтын жағдайда ғана мүмкін болады.

Кинотеатрлар көрермендермен толығуы 20%-дан аспаған жағдайда жұмыс істей алады (30 адамға дейін).

Респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері пайда болған кезде дереу жедел жәрдем шақыру арқылы медициналық ұйымдарға бармай-ақ, үйде медициналық көмекке жүгінуге болады.

Жексенбіде жабық азық-түлік және азық-түлік емес базар, сауна, монша, СПА орталық, массаж салоны, ОСО, СҮ, ауданы 2 000 шаршы метрден асатын сауда желілерінде азық-түлік супермаркеті, дәріхана, сән салоны мен химиялық тазарту орындарынан басқаларының қызметі тоқтатылады.

Облыста караоке, бильярд және компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, боулинг-орталықтар, жабық үй-жайлардағы балалар ойын алаңдары мен аттракциондары, букмекерлік кеңселер, балалардың сауықтыру лагерлері, банкет залдары мен аквапарктер жабық күйінде қалып отыр.

Балабақшалар тек кезекші топтарда жұмыс істейді.




Көрілген: 265    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 20.01.2021, 01:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31