Қарағанды облысында республикалық маңызға ие екі тас жол жабылды

05 сәуір 2022, 00:43

Шектеу республикалық маңыздағы Қарағанды – Аягөз – Бұғаз тас жолының 49-шы шақырымында орын алған су тасқынымен байланысты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

4 сәуірде сағат 21.10-нан бастап Қарағанды облысында жолды қызыл судың алуына байланысты мына тас жол учаскелерінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді:

 

"Қарағанды-Аягөз-Бұғаз" тас жолының 17-60 шақырымындағы Қарағанды - Ботақара кенті учаскесі;

 

"Бастау-Ақтау-Теміртау" тас жолының 0-12 шақырымындағы "ҚазМұнайГаз" ЖҚС – П. Петровка учаскесі.