Ел жаңалықтары

Қарағанды облысындағы шахтада апат болды: Құтқарушылар машинисті іздеуде

  • Қарағанды облысындағы шахтада апат болды: Құтқарушылар машинисті іздеуде

    Қарағанды облысындағы шахтада апат болды: Құтқарушылар машинисті іздеуде

Қарағанды облысындағы "АрселорМиттал Теміртау"АҚ-ға тиесілі Ленин атындағы шахтада апат болды. Төтенше жағдай кезінде тереңдікте 137 адам болған, олардың біреуін құтқарушылар әлі де іздеуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Апат 13 қаңтарда сағат 21.53-те "АрселорМиттал Теміртау"АҚ Көмір департаментінің Ленин атындағы шахтасында болған. Барлау ұңғымасын бұрғылау кезінде метан газы мен көмірдің ұсақ фракциялары бөлінді.
"Бұл күні үш жұмысшы, атап айтқанда бұрғылау қондырғысының машинисі, машинистің көмекшісі, сондай-ақ желдету және қауіпсіздік техникасы учаскесінің тау-кен шебері ұңғыма түбінде барлау жұмыстарын жүргізіп жатқан.

Апат салдарынан тау-кен шебері мен машинистің көмекшісі апат орнынан дереу кетіп қалған, ал машинист ұңғымадан шыға алмады.

Апат кезінде шахтада үшінші ауысымның 137 қызметкері болды, оның 136 - сы жер бетіне шығарылды", - делінген ТЖМ хабарламасында.

"АрселорМиттал Теміртау" шахтасының тау-кен қазбаларындағы жағдай сағат 23.00-де қалыпқа келді. Машинистті іздеу 23.25-те басталды.

"Қазіргі уақытта зардап шегушіні іздеу жұмыстары жалғасуда. Шахтаның 17 қызметкері мен авариялық-құтқару қызметінің екі бөлімшесі жұмылдырылды.

Аталған апатты тексеру үшін ҚР ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің жанында комиссия құрылды", - деп хабарлады құтқарушылар.

Еске салайық, Ленин кенішінде 2006 жылы үлкен апат болған. Сол кезде метан жарылысы салдарынан 41 шахтер қаза тапты.




Көрілген: 343    Пікірлер: 0

бейсенбі, 14.01.2021, 11:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31