Ел жаңалықтары

Қарағанды ​​тұрғыны депозиттен ондаған миллион теңгесін ала алмай жүр

  • Қарағанды ​​тұрғыны депозиттен ондаған миллион теңгесін ала алмай жүр

    Қарағанды ​​тұрғыны депозиттен ондаған миллион теңгесін ала алмай жүр

Қарағанды ​​қаласының тұрғыны Александр Ли бір банктегі үш депозитке жиналған өз ақшасын ала алмай жүр. Ер адамның айтуынша, қаржы мекемесі үнемі қажетті соманың жоқтығын желеурететін көрінеді. Ал бақылаушы мемлекеттік органдар көмектесе алмай отыр.

Александр Ли ақшасын аламын деген үмітпен банкке күнде барады, деп хабарлады "Астана" телеарнасы.  

Ер адамның, оның әйелі мен қызының атына ашылған үш депозитте 27 миллион теңге (63 мың доллардан астам) бар.

Алайда қаржы институтына барған сайын Александрдың тауы шағылып қайтады. Банк қазіргі уақытта компанияда өзгерістер болып жатқандықтан қаражаттың жеткіліксіз екенін, біраз күту керектігін айтып шығарып салады екен.  

Қалыптасқан жағдайға байланысты банк салымшысы бір жылға жуық уақыттан бері ақшасын қайтаруға тырысып жүр.

"Дәл қазір депозиттен 9 миллион теңге беруді талап еттім. Бас тартты: "Ертең келіңіз, аздап ақша береміз" дейді. Осылай жүргеніме бір жылдай болды. АзияКредит банк. Банк те, мемлекеттік органдар да мәселені шешкен жоқ", - дейді Александр Ли.
Сонымен қатар, банк қарағандылықтың алдындағы өз міндеттемесін мойындайды. Сарапшылар мәселенің қашан шешілетінін тап басып айта алмай отыр. Олар төлем АзияКредит банктің басқа қаржы институтымен бірігуіне байланысты кешіктірілді дейді. Оның үстіне салымшылар ақшасын жаппай алып жатыр.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі де жағдайдан хабардар. Александр Ли банкирлерге бірнеше рет шағымданған. Шенеуніктер жағдайды бақылап отырмыз деп жауап берген. Алайда банк пен клиент арасындағы келісімге араласа алмайтындарын айтып, сотқа шағым түсіруді ұсыныпты.

Александр Лидің өзі ақша алу процесі кешеуілдеп кете ме деп қорқады. Сонымен қатар, Қарағанды ​​тұрғыны жақында пәтер сатып алыпты, оған депозиттегі ақшадан төлеймін жоспарлаған екен. Енді жаңа үйінен айырылып қалуы мүмкін. Ол мемлекеттік органдардан жағдайға араласуды сұрайды.  




Көрілген: 715    Пікірлер: 0

жексенбі, 22.11.2020, 16:27

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31