Ел жаңалықтары

Қарағандыда алаяқ өзін адвокат ретінде таныстырып, миллиондап ақша тапқан

  • Қарағандыда алаяқ өзін адвокат ретінде таныстырып, миллиондап ақша тапқан

    Қарағандыда алаяқ өзін адвокат ретінде таныстырып, миллиондап ақша тапқан

Қарағандыда алаяқ өзін адвокат ретінде таныстырып, алты миллион теңгеге жуық ақша тапқан, деп хабарлайды Polisia.kz

Қарағанды қаласы ПБ Октябрь полиция бөлімінің қызметкерлері мереке күндері алаяқтықтың жеті фактісін анықтады. 

1 мамырда Октябрь ПБ-не 34 жастағы қала тұрғыны хабарласып, белгілі бір әйел несие алуға көмектесуді сылтауратып, 25 мың теңгені иемденіп кеткені туралы айтып шағымданды. 

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті – 39 жастағы әйелді анықтап, ұстады. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу барысында күдіктінің осыған ұқсас тағы алты қылмысқа қатысы бары анықталды. Ол несие алу кезіндегі  “қызметтерді” ғана емес, мүгедектік алуға медициналық анықтамаларды да жасап отырған. Сонымен қатар, ол тиісті білімі болмаса да, өзін адвокат ретінде ұсынған. Мысалы, ол 39 жастағы ер адамды оған заңгерлік көмек көрсете алатындығына сендіріп, жәбірленушіден шамамен 4,5 млн теңге алған. 

Оның 32 жасар қарағандылық әйелге ипотекалық несие алудағы “көмегі” 375 мың теңге көлемінде шығын келтірген. Жалпы алаяқ жәбірленушілерге шамамен алты миллион теңге көлемінде шығын келтірді.




Көрілген: 517    Пікірлер: 0

бейсенбі, 06.05.2021, 13:56

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30