Ел жаңалықтары

Қарағандыда алимент төлеуден жалтарған азаматтың автокөлігі тәркіленді

  • Қарағандыда алимент төлеуден жалтарған азаматтың автокөлігі тәркіленді

    Қарағандыда алимент төлеуден жалтарған азаматтың автокөлігі тәркіленді

Қарағандыда Қазыбек би ауданының прокуратурасы жеке сот орындаушылар палатасымен және полиция басқармасымен бірлесіп, алимент төлеуден жалтарып жүрген тұлғаларға қатысты рейдтік іс-шаралар бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Рейд өз балаларын асырауға ақша беруге асықпайтын азаматтардың заңсыз әрекеттері үшін автокөліктерін іздеуге және ұстауға бағытталған.

«Бүгінгі күні облыс орталығындағы сот орындаушыларының өндірісінде осы санаттағы 21 мыңдай іс бар, олардың 87% алиментті өз еркімен төлеуде. Қалғандары бойынша жиналған қарыз сомасы 300 мыңнан 5 млн. теңгеге дейін жетіп отыр», - деп мәлімдеді Қарағанды облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі.

Рейд іс-шарасы барысында 2018 жылдан бері қарызы 3 млн. теңгеден асқан борышкердің «VOLKSWAGEN PASSAT» маркалы автокөлігі алынып, айып тұрағына қойылды. Егер борышкер қарызын ерікті түрде он күн ішінде төлемесе мүлік саттылады да, одан түскен кіріс алименттік борышты өтеуге жұмсалады.

Бұл санаттағы адамдарға қатысты рейдтік іс-шаралар бұдан әрі тұрақты түрде өткізілетін болады.




Көрілген: 407    Пікірлер: 0

бейсенбі, 21.01.2021, 08:48

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28